Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қазақстанда «Отарсыздану туралы» заң қабылданбай, қазақ халқы өз бетімен құлдық санадан, империя езгісіндегі құндылықтардан бас тарта алмайды. Бәрін түбегейлі өзгертпей, отаршылдықтың қаңсығын таңсық етуден жалықпаймыз! Миыңды ашып, бір «ұлттық-саяси дәрігерге» тазалатып ал, қазақ!

Ес-аймақ, Алматы

(Блогстандағы «Маған неғыл дейсіз енді?!» деген жазбаға орай айтылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Нұрекеңнің арманы мұнайдың құны түспей тұрғанда сатып қалу ғой! Негізі дұрыс! Ертең энергия көзі ауысса, мұнайдың құны қашатыны белгілі! Тек, Қайран ЖЕР АНА!!!!!!

Жан

(«Кaспий теңізінде Мексика шығанағының елесі кезіп жүр» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Мына 21-ғасырда қазаққа Сұмағұл Елубай ағамыздың «Ел болам десең экраныңды түзе» деген сөзінен құнды сөз болмайды. Қазақстанда телеарналар мен баспасөз тұтасымен қазақша сөйлемей, ешнәрсе оңалмайды. Бәрі баяғы кісіні жалықтыратын айғай күйінде қала береді. Керісінше, қазақша сөйлеген ортада қазақша мінез пайда болады. Сонда әу-баста Алла қазаққа өзі сыйлаған ұлттың денсаулығы да, ойсаулығы да орнына келеді. Басқаның бәрі – далбаса, түкке тұрмайды. Тағы айтам! Осыны түсінген биліктегі белгілі бір топ жанталаса күресуде, дегендеріне жетіп Қазақ халқының тамырына балта шауып отыр.

Қас Жолымбет, Астана

(Блогстандағы «Маған неғыл дейсіз енді?!» деген жазбаға орай айтылған пікір)
XS
SM
MD
LG