Accessibility links

Тергеу Ставрополдегі жарылысты теракт деп бағалап отыр


Ставрополдегі жарылыс террористік акт деп бағаланып отыр. Ресей прокуратурасы жанындағы Тергеу комитеті сәрсенбі күні болған жарылысқа қатысты "теракт" бабынан өзге - "екі және одан көп адамды өлтіру" және "жарылғыш заттың заңсыз айналымы" деген екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ставрополь ауруханасына қала ортасында болған жарылыстан зартап шеккен 44 адам жеткізілді. Олардың 16-сының ағдайы аса ауыр. Жарылыстан алты адам, оның ішінде 12 жасар қыз бала көз жұмды.

Жарылыс қалалық мәдениет үйінің жанында шешен би ансамблі концертінің басталуы алдында болған.
XS
SM
MD
LG