Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Солай болғаны дұрыс, бұл тарихтың заңы! Торғайлар бүркіттің арманын қайдан білсін! Бақаның бақытын бергенше, самұрықтың зарын берсін! Әр адамның ақырғы баға берушісі – бұл дүниеде кейінгі ұрпақтар. Ұрпақ бағасындағы ең ауыр жаза - енді қайтып мәңгі бақи еске алынбау!

Анахарсис тектілер

(«Қоғамдағы ұлттық мәселелер суретшінің шығармашылығына да кері әсер етіп отыр» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Елбасының ұлт көшбасшысы болуына ерікті баға берген (осы сайттағы ) 360 адамның 87 пайызы қарсы болыпты. Бұл нені білдіреді? Егер Қазақстанда шынайы сайлау өтетін болса, елбасы ары дегенде 13 пайыз ғана дауыс жинайды!

Жылқы

(«Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» деген мәртебе берудің астарында не бар дегенге орай үш түрлі болжам» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ


Өзге ұлттардың мәдениетіне, әдебиетіне тәнті болып, аузымыздан суымыз ағып жүре берейік осылай. Әркім не айтса соған бас ұрып, мал сияқты айдаған жаққа кете береміз осылай, қазақ. «Қытай», «сытай» деп жаза бергенше, қазаққа жаның ашыса, сол қазақтың мәдениетін, әдебиетін жазбайсың ба, бізде кереметтер баршылық қой, құдайға шүкір. Қазақтың үйсіз, панасыз екенін бәріміз білеміз. Қазақты қытаймен салыстырма, Кеңдіқұл!

Марал, Астана

(«Неге керек? (Эмоциясыз әңгіме)» деген блогқа жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG