Accessibility links

ВР мұнайдың төгілуін тоқтатудың жаңа амалын істеп жатыр


АҚШ президенті Барак Обама Мексика шығанағындағы экологиялық апатты ауыздықтауға бағытталған British Petroleum компаниясының іс-қимылын Вашингтон толық қадағалап отыр деп мәлімдед. АҚШ үкіметі British Petroleum компаниясынан шығанақтағы мұнай ұңғымасында болған апаттан келген шығынды өтеуін талап етпекші.

Обама теңіз түбінен мұнай өндіруге лицензия беруге мораторий жариялайтынын мәлімдеді. Осы мораторийдің кезінде арнайы комиссия ұңғылау платформасындағы апаттың себептерін тергеудің нәтижесін жариялауға тиіс.

Соңғы сағатта мамандар Мексика шығанадағындағы ұңғымадан мұнайдың ағуын тоқтатуға тағы да күш салып жатыр. Жаңа техникалық операциясының нәтижесін 1 тәуліктен 2 тәулікке дейін тосу керек болады.

Қоғамдық сауалнамаға қарағанда, америкалықтардың 60 пайызы АҚШ-тың теңіз суындағы экологиялық апатқа қарсы үкіметтің атқарған іс-әрекетіне көңілі толмайды.
XS
SM
MD
LG