Accessibility links

Иран оппозициясы наразылық шеруіне дайындалып жатыр


Иран оппозициясының көсемдері Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Карруби Теһранда 12 маусымда наразылық шеруін өткізуге өтініш берді. Былтыр дәл осы күні елде президенттік сайлау өткен болатын.

Оппозиция сайлауда Махмуд Ахмадинежадтың жеңісін мойындаған жоқ, елде жаппай наразылық шерулерін ұйымдастырды. Осындай акциялар барысында кем дегенде 80 адам қаза болды, жүздеген кісі тұтқындалды. Бұған дейін билік сайлаудың бір жылдығына орай қарсылық іс-әрекеттеріне жол бермейтіндігін мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG