Accessibility links

Түркия жараланған белсенділерді Израильден шығармақшы


Түркия палестиналықтарды қолдайтын белсенділерді елге қайтару үшін Израильге үш ұшағын жібергенін хабарлады. Түркия ұшақтары жарақат алған 20-ға жуық түрік азаматын Израильден шығармақшы.

Гуманитарлық көмекпен Газа секторына аттанған әлгі белсенділердің флотилиясына дүйсенбі күні Израиль күштері шабуылдап, кемінде 9 адамды өлтірген болатын. Рейд барысында ондаған адам жараланды. Флотилияға жасалған шабуылдан кейін Түркия мен Израиль арасындағы шиеленісті жағдай ушыға түсті.
XS
SM
MD
LG