БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ
Депутаттар ескерткішті алдымен Керей мен Жәнібек хандарға орнатпай, елбасына орнатса, онда «өлі арыстаннан тірі тышқан артық!» деген шығар!
Мәселе ескерткішті кімге қалай орнатуда емес, кімнің тарихтан қандай орын алуында! Керей мен Жәнібек Сұлтандар тарих сынынан өтіп өз бағасын алған! Ал Нұрсұлтандар тарихта қандай атпен қалады, қандай баға алады? Оны алдағы уақыт көрсетеді...
Керей баласы, Дешті қыпшақ
(«Хандар ескерткіші президент мүсінінен кейін қойылды» деген мақалаға жазылған пікір)
ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ
Қойгелді мен Тұрсынның білікті тарихшы екендерін білемін, жоғары бағалап жүремін. Біздің сорымыз: шындықты қалың шырғалаңдау, өтірік айту, суайттық, парақорлық, жемқорлық, обырлық, рушылдық, өзіңнен жоғары отырғандарға құл болу, өзіңнен төменгілерді адамсынбау, қаныпезерлік сыңаржақтық һәм кереңдік... толып жатыр ғой. Ең ауыр сырқатымыз – немкеттілік. [...] Осындай жағдайдан соң тарихты қашан қадірлейміз? Тарихты ермек ететін «күштілерді» қалай сәждеге жығамыз? Біз «Алаш!» дейміз. Билік демейді. Десе, Астанада Алаш арыстарына ескерткіш неге жоқ? Олардан бұрын Абылай ханға ескерткіш неге қойылмады? Астананың көше бойларында жануарлар мен хайуандарға ескерткіш толып тұрғаны қалай? Қазір қалаларымызда алапес жылқыға, түйеге, т.б.ескерткіш қаптап кетті. Демек, қазақты, оның тарихын, Алашты керек етіп отырған билік жоқ десек ше?! Бірі тарихты өзінен бастауға құмар болса, енді біреулер, мысалы, Е.Ертісбаев пен О.Сүлейменов «сарай бұлбұлдары» болып, соны мақтап мәз. Қысқасы, қазақ, «жетістің»!
Ғаббас Қабышұлы, Алматы
(«Тұрсын Жұртбай: Қазақстанда жалғандық үстемдік құрып тұр» деген мақалаға орай жазылған пікір)
ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ
Кеңдіқұл кең ойлайтын азамат екен. Мақаласы салмақты, уәжі қисынды, айтары айқын. Қырғыз бауырлардың бізден озып кеткендігіне шынымен мақтанып отырмын. Жаса, қырғыз. Еуропа да азиялықтардың демократияны меңгере алатындығын көрсін. Қолдайық, бауырлас қырғыз халқын.
Әлім төре, Ақтөбе
(«Жарылған сыздауық» деген блогқа орай жазылған пікір)