Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Пай-пай, шіркін! Қазақстан тұрғанда Жәннәттың да керегі жоқ демейсіз бе?! Имансыздар мен Құдайдан қорықпағандар күшіне мінген елде қайдағы тыныштық, қайдағы береке?

Адам
, бір жер

(«Шетелдік сауалнама жүргізушілер халықтың 91 пайызы Назарбаевты қолдайды дейді» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Қайырлы болсын қазақтар!!! Міне, Қытайдағы қазақтар тағы да ерледі. Бәрекелді. Шеттегі қазақтардың барлығын орыстанып кеткен солтүстік өңірге қоныстандырып, қазақтың рухын ояту керек... Жасай бер, жаса, қазақтың қара домбырасы!!! «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра», қос ішекті, сегіз пернелі домбырамнан шыққан күйдің күмбірі дархан даламнан кетпесін!!! Әмин!

Мен мен мен, Кереку

(«Қазақтың қара домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді» деген мақалаға жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Біз де баяғы Брежнев заманына қайтып келдік. Жақында Атекемді самолеттен сүйеп түсіретін шығармыз. Мұхтар Шаханов кезінде Қонаевтан интервью алыпты. Сонда Димаш ағамыз айтқан екен: «Брежневтің жеке басқа табыну саясатымен жылап көрісеміз, әлі көресіңдер бұл одан да асып түседі. Жеке басқа табынудың көкесі алда» деген екен. Тоқсан екінші жылы айтқан. Келіп жеттік сол күнге. Димаш аға әулие екен.

Талғат

(«Атекем дұрыс айтады!» деген блогқа орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG