Accessibility links

Курамшин:Долинкада қамауда отырғандар денелерін тіліп, жарақаттады


Бүгін таңертең, Қарағанды облысындағы Долинка поселкесіндегі АК-159/6 түзету мекемесіндегі бір топ жазасын өтеуші қарындарын тіліп тастаған, дейді Азаттыққа хабарласқан құқыққорғаушы Вадим Курамшин.

Оның сөзінше, Максим Бажанов, Андрей Корольков, Мұрат Апашев, Валера Михайлов, Евгений Карауш және 1, 7 және 4 отрядтарының бірнеше жазасын өтеуші Шахтинск қаласының аудандық ауруханасына жеткізілген.

Қамаудағылардың бірі Евгений Карауштың анасы Галина Карауш, Долинкаға барып, колония басшылығынан еш жауап ала алмаған соң Шахтинскінің ауруханасына бара жатқандығын Азаттыққа хабарлады.

Галина Карауш баласын Шахтинскідегі ауруханаға алып кеткенін түрменің алдында жиналып тұрған жергілікті журналистерден естігенін айтты.

Ақпаратқа қатысты, Долинкадағы АК-159/6 түзету мекемесі басшылығы мен Шахтинскінің аудандық ауруханасына хабарласқанымызбен әзірге олардан ешқандай жауап болмай отыр.
XS
SM
MD
LG