Accessibility links

Украина президенті баспасөзді қорғауға сөз берді


Жұма күні Украина президенті Виктор Янукович баспасөз құралдарындағы цензураға қатысты мәселелерді заң мекемелері тергейтін болады деп мәлімдеді. Янукович осы салада журналистермен ынтымақтасуға сөз берді.

Мұның алдында АҚШ мемлекеттік департаменті Украинадағы сөз бостандығы мен жиындар өткізу еркіндігінің халіне алаңдайтынын мәлімдеген болатын.

Украинаның бірқатар телеарнасы ресми билікті өздеріне қысым көрсетті және журналистердің жұмысы қатаң цензураға ұшырады деп айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG