Словенияда ұлттық референдум өтіп жатыр. Онда Хорватиямен арадағы шекаралық дауды халықаралық сот арқылы шешу туралы келісімді қабылдау мәселесі көтерілген. Жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, халықтың тең жартысы бұл келісімді қолдаса, қалғандары қарсы болып отыр. Еуропа Одағына мүше Словенияда 1.7 миллион адам дауыс беру құқығына ие. Бұдан бұрын Словения шекаралық мәселелерге байланысты Хорватияның ЕуроОдаққа мүше болу талпыныстарына тосқауыл қойған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV