Accessibility links

Қырғызстан ірі банкті мемлекет меншігіне айналдырады


Қырғызстанның уақытша үкіметінің жетекшісі Роза Отунбаева елдегі ең ірі банктердің бірін мемлекет меншігіне айналдыру жөніндегі қаулыға қол қойды. АзияУниверсалБанк кәсіпкер Михаил Надел мен биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевтің бақылауында болатын.

Уақытша үкіметтің айтуынша, елдің банк жүйесінің тұрақтылығына кепілдік беру үшін осындай шешім шығарылған. Қаулыға сәйкес, Қырғызстанның ұлттық банкі мен қаржы министрлігі бір аптаның ішінде аталмыш банкті мемлекет меншігіне айналдыру туралы жоспарды билікке тапсыруы тиіс.
XS
SM
MD
LG