Accessibility links

«Азат» партиясы Кедендік одаққа қатысты үндеу жолдады


«Азат» жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы Қазақстан Кедендік одаққа қосылуына мораторий жариялау керек деп есептейді. Партия бұл ретте Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы одаққа кіру мәселесін елді жалпыұлттық референдумға салу керек деп есептейді.

Оппозициялық партия осындай ұсыныс білдіріп, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады.

«Біз республикамыздың Кедендік одақ құрамында жұмыс істеуіне мораторий жариялау керек деп есептейміз және қабылданатын шешімдердің салдарын тағы бір саралап көру керек», - делінген партияның таратқан үндеуінде.

Оппозициялық партия Кедендік одақ Қазақстанның ұлттық мүддесіне айтарлықтай қауіп төндіреді деп есептейді.
XS
SM
MD
LG