Бүлікшілер Пәкістанның солтүстік-батысындағы қауіпсіздік бекеттеріне шабуылдады. Ауған шекарасына жақын жердегі қақтығыста 2 сарбаз бен 6 бүлікші қаза болды. Үкіметтің ресми өкілі Махсуд Ханның мәлімдеуінше, сәрсенбіге қараған түні Мохманд аумағында болған шайқаста бірнеше сарбаз бен бүлікшілер жараланған. Бұл аумақта Пәкістанның әскери күштері "Талибанға" қарсы операция жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV