Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Ауғанстанда алғабасушылық болады дейді


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс биыл жыл соңына дейін Ауғанстандағы соғыста айтарлықтай алғабасушылық жасалуы тиіс деп мәлімдеді. Әйтпесе америкалықтар мен басқа да халықтар Ауғанстандағы әрекеттерді қолдамайды деді Гейтс Лондонда сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Ауғанстандағы операциялардың қолбасшысы генерал Стэнли Мак Кристал осы жылдың аяғына дейін елдің кейбір аймақтарындағы қауіпсіздікті ауған күштеріне тапсыру мақсатында алғабасушылық жасалатынына сенімді.

АҚШ пен Британияда 8 жылға созылған соғысқа деген қоғамдық қолдау азайып барады.
XS
SM
MD
LG