Accessibility links

АҚШ президенті Палестина төрағасымен кездесті


АҚШ президенті Барак Обама Палестина автономиясының халқына қосымша 400 миллион доллардың көмегін бөлетінін мәлімдеді.

Обама сонымен қатар Газа аймағының төңірегіндегі ахуалды қалпына келтіру үшін Израильді Таяу Шығыс келіссөзіне қатысатын барлық тараптармен тіл табысуға шақырды.

Вашингтоннан тілшіміз хабарлағандай, бұл сөздерін Б.Обама Ақ үйде Палестина автономиясының төрағасы М.Аббаспен жүздесуі кезінде айтты. АҚШ президенті Израильді еврей қоныстарының құрылысын тоқтатуға, ал Палестинаны теке-тірес туғызатын қадамдарға бармауға шақырды.

Б.Обама Израильдің қауіпсіздігін де ескеретін және Газа тұрғындарының мұқтажын да ұмытпайтын бейтарап шешім табу керектігін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG