Гаагадағы Халықаралық трибунал Босния сербтері армиясының бұрынғы 2 офицерін 1995 жылы Сребреницадағы мұсылмандарды жаппай қыруға қатысқаны үшін өмірінің соңына дейінгі мерзімдерге түрмеге кесті.
Вуядин Поповичті - 53 жылдық мерзімге, Любиш Беарені 70 жылдық мерзімге кескін трибунал үкімі бейсенбі күні жарияланды.
Бұрынғы Югославия жеріндегі соғыс жылдарында соғыс қылмыстарына жауапты деп танылған тағы 4 офицер 5 жылдан 35 жылға дейінгі түрлі мерзімге кесілді.
Сребреницадағы 7 мыңнан астам мұсылманды қырған қылмыстық іс Гаага трибуналында 450 куәгердің қатысуымен 3 жыл бойы қаралды.