Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Обал-ай! Қазақстандағы шенеуніктер өзбек шенеуніктерімен сыбайлас болса, онда босқындардың жағдайы нашарлайды. Босқындар тұрмақ өз азаматтарының құқын қорғай алмай отырған елден не қайыр не үміт?!

Адам, бір жер

(«Алматыда ұсталған өзбек босқындары Өзбекстанға экстрадициялануы мүмкін» деген мақалаға жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Мен неден қорқамын? Мен мына тегі бұлыңғыр тексіз басшыларымыздың билік пен байлыққа құнығуынан қорқамын! Уақыты келіп, барлық байлығын асынып, Батысқа қашып кетіп, біздерді білдірмей аяқ басқан және мысықтабандап келе жатқандай бауырымен жорғалаған әбжылан ата дұшпанымызбен бірге қалдыруынан қорқамын!

Зубайда, Күйемнің ауылы

(«Ху Цзиньтао Қазақстанға келгіштеп кетті» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Нәтижесіз аяқталғаны дұрыс болды. Халық айдауға көне беретін мал емес қой. Анау Қордайдағы базар етпекші болған жердің қаңырап қалғанын да көрдік. Бұл осы 67 алыпсатарлардан басқалары Назарбаевтарға қарсы екенін білдіреді.

Білгіш

(«Ақшаларын даулаған кәсіпкерлер Болат Назарбаевқа талап қойды» деген мақаланың соңына жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG