Accessibility links

Ауғанстанда 4 құрылысшы оққа ұшты


Ауған ресми өкілдерінің хабарлауынша, елдің шығысындағы "Талибан" бүлікшілері төрт құрылысшыны өлтірген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, құрылыс компаниясының қызметкерлері жұма күні кешке Пактика өлкесінде оққа ұшқан.

Сонымен қатар сенбі күні Газни өлкесінде 40 оқушы қыз ауруханаға түскен. Олар уланған болуы мүмкін. Соңғы кездері Ауғанстанның бірқатар мектептерінде оқушы қыздар уланып, ауруханаға жеткізілген болатын. Билік орындарының айтуынша, қыздардың білім алуына қарсы болған "Талибан" бүлікшілері оларды газбен уландыруы ықтимал.
XS
SM
MD
LG