Accessibility links

Amnesty International Бішкекті өзбектерді қорғауға шақырды


Amnesty International ұйымы Қырғызстанды елдегі өзбек азаматтарын этникалық зорлық-зомбылықтан қорғауға шақырып, көршілес мемлекеттерден босқындар үшін шекараларын ашық ұстауды талап етті.

Қырғызстанның құқық қорғау органдары халықты, әсіресе өзбек қауымдастығын қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алмай жатыр делінген ұйым мәлімдемесінде. Мәлімдемеде Өзбекстанның Қырғызстаннан жеткенн өзбек босқындары үшін өз шекарасын ашық ұстауы тиіс екендігі айтылған.

Қырғызстан уақытша үкіметінің жетекшісі Роза Отунбаева елдегі жағдайды қалпына келтіру үшін Ресейден әскери көмек сұрады. Алайда Мәскеу Қырғызстандағы жағдай "ішкі қақтығыс" деп, әзірше оған араласпайтынын хабарлады. Дегенмен Мәскеу Бішкекке гуманитарлық көмек көрсетуге әзір деді Кремль өкілдері.

Соңғы үш күнде елдің оңтүстігінде қырғыз-өзбек қақтығысынан кемінде 82 адам қаза болып, мыңнан аса адам жарақат алды.
XS
SM
MD
LG