Сейсенбі күні Қазақстан төрағалық ететін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстан оңтүстігіндегі ұлтаралық қақтығысқа қатты алаңдайтынын мәлімдеп, елдегі ахуалды қалпына келтіруге көмек беруге әзірлігін білдірді. Аталмыш ұйымның арнайы сессиясында кіші-гірім ұлттар бойынша Жоғарғы комиссар осылай деп мәлімдеді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Жоғарғы комиссары мұндай мәлімдемесін алғаш рет – тек 1999 жылы бұрынғы Югославия республикаларының бірі – Македониядағы ұлтаралық қантөгіске байланысты жасаған болатын.
Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қырғыздар мен өзбектердің арасында 10 маусым күні басталған қақтығыстардың салдарынан кем дегенде 170 адам қаза болып, 1,700-ден астам кісі жараланды.
Халықаралық Қызыл Крест ұйымы қаза тапқандар туралы нақты дерегінің жоқтығын мәлімдеді, бірақ ұйым адам шығыны бірнеше жүз деп шамалайды.