Accessibility links

Бүгін - Қырғызстанда қаралы күн


Бүгін, 16 маусым Қырғызстанда Ош және Жалалабад облыстарындағы қақтығыс құрбандарын еске алуға байланысты қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы сейсенбі күні Бішкекте өткізген баспасөз мәслихатында Уақытша үкімет төрайымы Роза Отынбаева хабарлады.

"Ресми мәлімет бойынша 171 адам қаза тапты, бірақ олардың саны әлдеқайда өсе түсуі мүмкін"-, деп мәлімдеді Отынбаева.

Қырғызстан бірінші вице-премьері Алмазбек Атамбаев елден 60 мыңдай өзбектің босып кеткенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG