Accessibility links

Карзай Жапонияға сапарын бастады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай бүгін Жапонияға бес күндік сапарын бастап отыр.

Жапония - Ауғанстанның ең ірі донорларының бірі. Өткен жылы Жапония Ауғанстанға көмек ретінде 5 миллиард долларға жуық қаржы беруге уәде етті. Бірақ жапониялық ресми өкілдердің айтуынша, көмектің берілуі елдегі қауіпсіздік жағдайына байланысты болады.

Токиоға елдің сыртқы істер және экономика министрлерімен бірге барған Карзай Жапония премьер-министрі Наото Канмен, тағы басқа ресми өкілдермен кездеседі.
XS
SM
MD
LG