Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылында нөсер жауынан су астында қалған үйлердің саны 61-ге жетті, деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жылға ауылында 59 үй су астында қалған, тағы екі үй Дмитриев елді мекенінде апатқа ұшырап отыр. 13 маусымда болған нөсер жауыннан су тасқыны болып, су астында қалған 61 үйдің біреуі толығымен құрлап қалған.
Адам шығыны болған жоқ.
Қазір осы оқиғаға қатысты құрылған төтенше штаб жауыннан болған зардап мөлшерін бағалап жатыр. «Оқиға орнында екі топ жұмыс істеуде, бірі жоғалған мүліктерді іздестіреді, екіншісі тұрғын үйлердің қаншасы қажетке жарамды екенін анықтайды. Міндетті түрде төлемақы төленетін болады», - деді Сарыағаш ауданындағы штаб төрағасы Жаппар Әлсейітов.
Су басқан үйлердің тұрғындарына қауіп төнбес үшін, оқиға орнынан әкетілген. Үйлердің көпшілігі балшықтан жасалғандықтан құлай бастауы мүмкін. 300-ге тарта адам мектеп ғимаратына уақытша орналастырылды.