Accessibility links

"Талибан" ауған полициясына шабуыл жасады


Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы полиция бекетінінің жанында жасалған шабуылдан 4 полицей жараланды. Газни өлкесінің Андар ауданындағы шабуылдың жауапкершілікін "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды. "Талибанның" баспасөз хатшысы Забиулла Мужахидтің айтуынша, жанкешті шабуылды ұйымдастыру үшін полиция көлігін ұрлаған.

Сол сәтте елдегі бомба жарылысынан 3 америкалық сарбаз қаза болды. Сөйтіп, осы айда Ауғанстанда құрбан болған АҚШ сарбаздарының саны 31-ге жетті.
XS
SM
MD
LG