Accessibility links

Р.Отынбаева: Оңтүстікте қаза тапқандар саны жарияланғаннан 10 есе көп


Қырғызстан оңтүстігінде қаза болғандардың саны ресми мәліметтен 10 есе көп. Уақытша үкімет төрайымы Роза Отынбаева Ресейдің «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеп, халықаралық Қызыл Крест комитетінің дерегін растады.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, 192 адам қақтығыс құрбаны болды.


Жұма күні Р.Отынбаева қанды қақтығыс жайлаған Ош қаласына барды. Қалада ол ұлтаралық қақтығыстан зардап шеккен адамдар жатқан ауруханаға бас сұғып, қала әкімдігінде болды.


Жұма күні Қырғызстанға АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блэйк те келуге тиіс. Ол ондаған мың босқынға қанша қайырымдылық көмек қажет екенін анықтамақ.
XS
SM
MD
LG