АҚШ әкімшілігінің Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Қырғызстандағы ұлтаралық қанды қақтығыстарды тәуелсіз тергеуге шақырды. АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Роберт Блэйк жұма күні Өзбекстанның шекараға жақын Әндіжан қаласында болды.
БҰҰ-ның мәлімдеуінше, таяуда Қырғызстанның оңтүстігіндегі ұлтаралық қақтығыстардан Әндіжанға 100 мыңдай адам босып келді.
Қырғызстан Уақытша үкіметінің төрайымы Роза Отынбаева осы күні 10 маусымда басталған ұлтаралық жанжалдан кейін алғаш рет Ош қаласына барды.
Ошқа тікұшақпен ұшып жеткен президент міндетін атқарушы Р.Отынбаева қаланы қалпына келтіруге уәде берді.
«Біз қаланы қайта көтереміз деген сенім, үміт оятқымыз келеді. Біз босқындардың бәрін міндетті түрде кейін қайтарамыз. Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз. Менің ойымша, бүкіл әлем көмек береді. Өйткені, біздің, екі халықтың, бейбіт өмір, достық өмір сүреміз деген ықыласымыз бар».
Р.Отынбаева Ресейдің «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбатында қақтығыстардан қаза болғандардың саны ресми мәліметтен 10 есе көп - 2 мың адам болуы мүмкін деп мәлімдеді.
БҰҰ мәліметі бойынша, Өзбекстан жағына өткен 100 мыңдай босқыннан басқа Қырғызстанның өз ішінде 300 мыңдай адам босып жүр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты