Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Келесі парламент сайлауына «Депутаттыққа» түссе, Еламанға мен дауыс беремін. Төлқұжаты болса – неге болмасқа? Қазіргі депутаттардан несі кем. Болсын....

Аты-жөні көрсетілмеген

(«Еламан қошқар елді аралап, сыбайластардың сазайын бермекші» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Мүмкін, арнайы заң қабылдап, Еламан қошқарға статус беру керек шығар, ә?))))

Нарын, Бөкей Елі

(«Еламан қошқар елді аралап, сыбайластардың сазайын бермекші» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Бұл мәселені жеделдетіп парламенттің құлағына жеткізу қажет. Талайды көрген Жаяумын ғой, қазақтың современный ханын да көрейін. Қара халықты бұған араластырмаңыздар. «Ханның басын хан ғана алады» демеуші ме еді... халық. Сондықтан бұл нағыз парламенттің жұмысы! Осы арқылы біздің парламент өзін «кез келген мәселені ешкімнен сескенбей, ешкімге жалтақтамай төтесінен тура қоя алатынын, сөйтіп, әлемдегі ең демократиялық және үлгі бола аларлық парламент» екенін тағы да бір көрсете алар еді. Содан кейін «Сендерде демократия шектеулі» деп жүрген ОБСЕліктердің аузына құм емес, тас құйылады. Үндері өшеді. Болмаса, хан сайлап көрсінші өз елінде.

Халықтан қорқып жалтақтап отырған парламенттерін бұтын-бұт, қолын-қол етіп жіберсін... Қандай демократия бар ол жерде!!! Оның несі парламент! Пішту!

Мәләдес, Камалиддин Дулатов! Енді парламенттің алдына барып жатып ал. Өздері 99 болып, бірі жетіспей тұр еді, соның орнына «кетігін тауып» қаланып-ақ кетерсің! Нағыз демократиялық монархиялық хандық жасасын!

Жаяу Мұса

(«Шымкенттік қоғамдық қор Нұрсұлтан Назарбаевты хан көтеруді ұсынады» деген мақалаға орай жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG