Accessibility links

БҰҰ: Қырғызстанда референдумға дайындық жүріп жатыр


БҰҰ-ның Қырғызстандағы өкілінің мәлімдеуінше, елдегі гуманитарлық дағдарысқа қарамастан 27 маусымға белгіленген конституциялық референдумға дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. БҰҰ-ның арнайы өкілі Мирослав Енчаның айтуынша, референдумға дайындық бір қалыпты. БҰҰ Қырғызстанның Уақытша үкіметіне дауыс берулерге ішкі босқындарды қатыстыру жөнінде кеңес берді деді Енча.

БҰҰ болжамы бойынша, ел оңтүстігіндегі толқулар барысында 300 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, шамамен 100 мың адам Өзбекстанға босып кеткен.
XS
SM
MD
LG