Accessibility links

Күрд көтерілісшілері тағы бір түрік әскерін өлтірді


Түркиядан түскен хабарларға қарағанда, күрд жікшілдері ел шығысындағы әскери бекетке шабуылдап тағы бір түрік сарбазын мерт қылды. Сөйтіп, екі күннің ішінде күрд көтерілісшілерінің қолынан 12 түрік әскері қаза тапты.

Анадолы ақпарат агенттігінің жазуынша, жексенбі күнгі шабуылдан бір әскер жараланған. Сенбі күні Күрд жұмысшылар партиясының жікшілдері шабуыл жасап, 9 түркиялық сарбазды өлтірсе, екі әскер Ирақ шекарасына жақын жерде минаға түсіп жарылды. Түркияның әскерилері өздерінің Ирақ солтүстігіне бекінген күрдтер базаларына әуеден соққы бергенін айтып, онда 12 бүлікшінің көзін жойдық деп жариялады.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні елдің шығысындағы Ван қаласына барып, түрік әскерлерін жерлеу рәсіміне қатысады деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG