Accessibility links

Медведев "Газпромға" Белоруссияға берілетін газды шектеуді тапсырды


Дүйсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев "Газпромға" Белоруссияға тасымалданатын газдың көлемін шектеуге тапсырма берді.

Маусымның 21-і күні "Газпром" басшысы Алексей Миллер мен Дмитрий Медведевтің кездесуі барысында, президент газға қатысты қарызды жабу туралы Минскімен әлі де келіссөздерді жүргізу керектігін айтты. Миллер өз кезегінде, "Газпром" шектеулерді біртіндеп ендіретіндігін атап өтті.

Белоруссия жыл басынан бері газ үшін ресейлік компанияға 192 миллион доллар қарыз.

Минск өткен аптада "Газпром" өз территориясы арқылы газ тасымалдағаны үшін Белоруссияға 200 миллион доллар берешек екендігін мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG