Accessibility links

Прокурор кәсіпкер Тұржановқа 10 жыл түрме жазасын беруді сұрады


Астананың Есіл аудандық №2 сотында Статистика агенттігінің бұрынғы қызметкерлерінің ісі бойынша жарыссөз басталды.

Прокурор Берік Құлмағамбет айыпталушыларға жазалау шараларын ұсынды. Кәсіпкер Серік Тұржановқа және Статистика агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевтарға 6 жылдан 10 жылға дейінгі түрме жазасы ұсынылып отыр.

Былтырғы жылы маусымда Баянов, Меңдібаев және «КИІК фирмасының» құрылтайшысы Серік Тұржанов соттың санкциясымен қамауға алынған болатын. Оларға «халық санағын өткізуге бөлінген қаржыны талан-таражға салған» деген айып тағылды.
XS
SM
MD
LG