Accessibility links

Павлодарда күйдіргі дертінен тағы бір адам қайтыс болды


Кеше кешке Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында күйдіргі дерітнен тағы бір адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Бұл турасында облыстық ммелекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Әлмұхамбетова хабарлады.

Оның айтуынша, марқұм болған 44 жастағы әйел сойылған малды мүшелеген болса керек.

Еске сала кетсек, маусымның 21-іне ауған түні осы дерттен 40 жастағы малшы қайтыс болған еді. Ал сойылған малдың еті Қаракөл және Ребровка ауылдарындағы 16 әулетке сатылғандығы белгілі болды..
XS
SM
MD
LG