Accessibility links

«ГазПром» Минскіге беретін газын 30 пайызға қысқартты


Беларус өзінің экономикалық қажетіне транзиттік газ құбырынан көгілдір отын алатынын айтып қоқан-лоққы жасап отыр, деп мәлімдеді ресейлік «ГазПром» компаниясының ресми өкілі Сергей Куприянов. Ол Беларустің бірінші вице-премьері Владимир Семашконың хатына сілтеме жасады.


Сейсенбі күні Ресей берешегі бар Беларуске айдайтын газдың көлемін 30 пайызға қысқартты.


Оның алдында ресми Минск газ үшін берешегін 2 аптаның ішінде өтейтінін хабарлаған болатын. Алайда «ГазПром» тосып отыруға келіспей, газдың көлемін 15 пайызға азайтты.


Сонымен бірге "ГазПромның" өзі де газ транзиті үшін Беларуске қарыз екенін мойындап, бірақ бар жауапкершілікті осы қарызды өтеуге мүмкіндік беретін құжаттарға қол қоймай отырған Минскіге жүктеді.
XS
SM
MD
LG