Accessibility links

Англия бюджет шығындарын күрт қысқартпақшы


Англияның коалициялық үкіметі сейсенбі күні бюджет шығындарын күрт қысқартатынын жариялауға тиіс.


Өткен дүйсенбіде қаржы министрі Джордж Осборн мемлекеттік қарыз бен бюджет тапшылығының көлемдеріне төзуге болмайды, елдің ескі берешектерін өтейтін уақыты келгенін мәлімдеді.


Би-Би-Си телеарнасына берген сұхбатында министр Осборн үнемдеу шараларының өте қатаң, бірақ әділетті болатынын және бюджет шығындарын азайтуға британ қоғамының барлық қатпары үлес қосатынын мәлімдеді.


Англия бюджетінің тапшылығы Жалпы ішкі өнім көлемінің 11 пайызына жетіпті. Еуропа Комиссиясының есебі бойынша, бұл биыл ЕуроОдаққа мүше 27 елдің ішіндегі ең үлкен тапшылық болмақшы.


Британ үкіметі бюджет шығындарының 25 миллиард фунт стерлинг қаржысын, оның 10 миллиард фунтын салықты көтеру арқылы үнемдеуді көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG