Accessibility links

Оштағы қақтығыстар алдын-ала жоспарланған


Қырғызстанның уақытша үкіметінің оңтүстік өңірдегі арнаулы өкілі әрі қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Ысмайыл Исақов Ноокат елдімекенінде мәлімдегендей, Ош қаласы аудандарының бірінен есірткі заттар, белсенді іс-қимылға көшуге әзір тұрған қару-жарақ пен автокөліктер табылды.


Генерал Исақовтың сөзіне қарағанда, Ошта табылған қару-жарақ пен өзге жабдықтар «болған қақтығыстардың алдын-ала жоспарланғанын» байқатады.


Мұның алдында Нариман ауылындағы үкімет күштері жүргізген арнайы операция кезінде оларға қарсылық көрсетіліп, атыста 2 кісі оққа ұшты, қақтығыстарға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 7 адам қолға түсті.
XS
SM
MD
LG