Accessibility links

Судандағы қақтығыста 50 адам қаза тапты


Дарфурда Судан әскери жасағы мен Әділдік пен теңдік үшін қозғалысы тобының мүшелері арасындағы қақтығыстан 50 адам қаза болды.

Судан қарулы күштерінің хабарлауынша, 43 бүлікші және жеті сарбаз өлтірілген. Бүлікшілер болса, бұл қақтығыста өздерінің жеңіске жеткендерін мәлімдеуде.

Дарфурде 2003 жылдан бері қақтығыс тыйылмай отыр. Осыған дейін қақтығыс салдарынан 300 мыңнан аса адам қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG