Accessibility links

Алматы облысы: су дамбаны бұзып кетті


Алматы облысында дамбаның шайылып кетуі салдарынан Лесновка ауылының 2 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

Ақпаратқа қарағанда, маусымның 22-сі күні түскі сағат үш жарымда Панфилов ауданы Лесновка ауылында Өсек өзеніне құятын су көлемінің шамадан тыс артуынан дамба шайылып кетіп, 327 үйі бар Лесновка ауылының барлық 2187 тұрғыны дереу Жаркент қаласына көшірілді.

Қазір аймақта апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG