Accessibility links

Анкарада президент Назарбаевтың ескерткіші ашылады


Анкарада маусымның 24-і күні жастар саябағы алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші ашылады, деп хабарлайды «Жиһан» ақпараттық агенттігі.

Анкара муниципалитеті өкілдерінің айтуынша, қазақ президентіне ескерткіш ашылуы парламент төрағасы Мехмет Али Шахин мен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен өтеді.

Қазақстан президенті Астанада Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш орнатуға 2007 жылы желтоқсанның 10-ында тапсырма берген болатын. Ескерткіш Қазақстан астанасында 2009 жылғы қазанның 8-інде ашылды.

Түркия президенті Абдолла Гүл Қазақстанға биылғы мамыр айында жасаған сапарында Анкарада Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы шешім қабылданғанын айтқан болатын

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG