Accessibility links

Қарағанды шахтасында апат болды


Қарағанды облысы Сарань қаласындағы «Арселор Миттал Темиртау» акционерлік қоғамына тиесілі шахтада көмір мен газ лықсып, қопарылыс болды. Соның салдарынан, екі адам шахта астында қалып қойды.

Бұл мәліметті Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. Апат кезінде шахтада төрт адам болған екен. Екеуі өз бетімен шығыпты, қазір ауруханада жатыр. Жер астында қалған жұмысшылар – Жұмашев (1960 ж.т.) пен Әбдірахманов (1981 ж.т.).
XS
SM
MD
LG