Accessibility links

Обама: қолбасшы ауысқанымен Ауғанстандағы стратегия өзгермейді


АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстандағы халықаралық күштердің қолбасшысын ауыстыру АҚШ пен оның одақтастарының бұл елдегі стратегиясының өзгергендігін білдірмейді деп мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Обама Ауғанстандағы НАТО әскерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Стэнли Маккристалды қызметінен босатты. Бұл өзгеріс Rolling Stone журналында жарияланған мақалаға байланысты генерал төңірегінде туындаған жанжалдан кейін жасалып отыр. Басылымдағы материалда Маккристал мен оның көмекшілері АҚШ-тың бірқатар ресми тұлғаларын сынаған еді.

Маккристалдың орнына генерал Дэвид Петреус тағайындалды. Петреус кезінде Ирактағы халықаралық коалицияның әскеріне қолбасшылық еткен болатын.

Жаңа өзгерістердің қарсаңында Ауғанстан президенті Хамид Карзай генерал Маккристалға қолдау білдірген еді.

AzattyqTV

Янценоның соңғы тұрғыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:46 0:00
Cолтүстік Қазақстан

Янценоның соңғы тұрғыны

XS
SM
MD
LG