Accessibility links

Қырғызстан: қақтығыстардан қаза тапқандар саны 260-тан асты


Қырғызстанның оңтүстік аймақтарындағы қақтығыстар барысында қаза тапқандар саны 260 адамнан асты, 2 мыңнан астам адам жараланды. Бұл мәліметті бүгін Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі таратты.

Бұған дейін Уақытша үкіметтің басшысы Роза Отунбаева қақтығыстар барысында зардап шеккендер саны көп болуы мүмкін екендігін мойындаған еді.

Қырғызстанда қанды қақтығыстар елдің оңтүстігіндегі Ош және Жалалабад облыстарында маусымның 10-ы күні басталып, бірнеше күнге созылған еді.
XS
SM
MD
LG