Accessibility links

Қазақстанның солтүстігінде ұшақ құлап, екі адам қаза тапты


Солтүстік Қазақстан облысында "Air Flamingo" компаниясының АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш пен командир қаза тапты. Тағы бір адам ауруханаға түсті деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

"Бейсенбі күні кешке Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Ш.Уәлиханов атындағы орман шаруашылығы территориясында Тайынша қаласынан Қостанай облысының Сорочинский ауылына бағыт алған ұшақ апатқа ұшырады" делінген ақпаратта. Ұшақ Қостанай облысындағы егісті алқапты залалсыздандыру үшін аспанға көтерілген еді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, ұшақ көтеріле бергенде ағашқа тиген. Құлаған ұшақ түгел жанып кеткен.
XS
SM
MD
LG