Accessibility links

Қазақстан сенаты Ауғанстанға АҚШ-тың арнайы жүгін транзиттеу туралы келісімді мақұлдады


Жұма күні Қазақстан парламенті сенаты «ҚР Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Арнайы жүк» ұғымы дөңгелекті, қарусыз брондалған техниканы білдіреді. Транзит коммерциялық негізде іске асырылады. Яғни, АҚШ тарапы Қазақстан аумағынан тасымалдау кезеңінде қызмет, жұмыс және алып өтетін тауарлар үшін төлем жасайды.
XS
SM
MD
LG