Accessibility links

НАТО: Ауғанстанда 5 шетелдік сарбаз қаза тапты


Жексенбі күні Ауғанстанда талибанның бомба шабуылынан бес шетелдік әскер мерт болды. Бұл турасында НАТО-ның ресми өкілдері хабарлап отыр. Таратылған мәлімдемеде, сарбаздардың төрт бөлек шабуылдан қаза тапқандығы айтылған.

Шетелдік күштерге қарсы шабуылдар Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында болды. Осы арқылы әскери шығындарды қоса есептегенде, Ауғанстанда осы айда қаза болған шетелдік жасақтар саны 89-ға жетті.

Маусым айы шетел әскерлері үшін 2001 жылдан бергі ең көп шығын әкелген ай болып отыр.
XS
SM
MD
LG