Accessibility links

Қырғызстан: референдумға 56 пайыздан аса адам қатысты


Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының хабаралуынша, осы уақытқа дейін қырғызстандықтардың 56,19 пайызы дауыс беріп үлгерді. Демек, дауыс берушілердің 1 554 876 адамы референдумға қатысты. Жалпы, дауыс беру құқы бар халықтың саны - 2 767 088 адам.

Бұл дауыс берулер елдің оңтүстігіндегі қақтығыстардан кейін өтіп отыр. Бақылаушылар мен дауыс берушілер жексенбі күнгі Оштағы жағдай тыныш екенін хабарлады.

Азаттықтың қырғыз қызметіне жақында ғана этникалық қақтығыс орын алған Ош қаласының өзбек тұрғыны Махира Сабирова аймақта референдум тыныш жағдайда өтіп жатқанын айтты.

"Мен осы арада жүрмін, референдум жақсы өтіп жатыр. Бүгін құдайға шүкір, бейбіт жағдай болып тұр. Біздің бәрімізге бейбітшілік керек. Біз барлығымыз көршілерімізбен барып, дауыс бердік,"- дейді Ош тұрғыны.

Қырғыз уақытша үкіметінің басшысы Роза Отунбаева Ош қаласында дауыс берді.

Сәуір айында президент Бакиев биліктен құлатылғаннан кейін болып отырған референдум елде президенттің билігін азайтып, Орталық Азиядағы тұңғыш парламенттік республика құруды көздейді.
XS
SM
MD
LG