Маңғыстау облысындағы қатаң тәртіптегі түрмеден қашу және әскери қызметшінің өміріне қастандық жасау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы Азаттыққа ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов хабарлады.
"Сонымен бірге, түзеу мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабы (салақтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Қылмыс жасады деген күдікпен мекеменің бастығы, жедел бөлімнің бастығы және мекеме бастығының кезекші-көмекшісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - дейді министрлік өкілі.
Оның сөзінше қазіргі таңда Ақтаудағы ГМ-172/1 колониясынан қашқан барлық сотталушылар құрықталған.
«Ақтау қаласынан 170 шақырым қашықтықтағы Қызылсай шатқалынан сотталғандар мен олардың қашып шығуына көмектескен адамдар табылды. 27 маусымға қараған түні адамдарды ұстау кезінде қылмыскерлер қарулы қарсылық көрсетті, сотталған 5 адам ұсталып, сегіз қылмыскер қайтыс болды. Сондай-ақ қарулы қақтығыста сотталғандардың қашуына көмектескен 4 адам қаза тапты» - деді министрлік өкілі.