Accessibility links

Қарағандыда үш әлеуметтік авиарейс ашылды


Қарағандыда Өскемен, Жезқазған, Қызылорда бағытында үш әлеуметтік авиарейс ашылды. Бұл турасында тасымалдау авиакомпаниясы хабарлады. Өткен аптада маршруттардың алдын ала ұшуы сәтті өткізілген болатын. Енді бұл рейстер «Сары-Арқа» әуежайының ұшу кестесіне енгізілді.

Рейстерді «AZIYA WINGS» авиакомпаниясы жүзеге асырады. «Ұшуды болгарлық экипажымен АТР-42300 ұшағы жүргізеді. Өкінішке қарай қазақстандық ұшқыштарда мұндай типтегі ұшақтарда ұшу сертификаты жоқ. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді авиакомпаниядан.

Билеттер құны жолға кеткен шығыннан едәуір арзан делінген хабарламада. Мысалы, Жезқазғанға ұшу - 6 мың теңге, ұшу уақыты 1,1-1,3 сағат. Рейстер аптасына екі рет қатынайды.

Қазақстан көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің мәліметтерінше, республикалық бюджеттен Қарағандыдан ұшатын әлеуметтік мәні бар авиамаршруттарға 200 миллион теңге қарастырылған.

Келесі бағыт Балқаш пен Астана болуы тиіс дейді авиакомпаниядағылар.
XS
SM
MD
LG