Accessibility links

Ирандық ғалым АҚШ-тан қашып кеткенін мәлімдеді


Иран мемлекеттік телеарнасы жоғалып кетті делінген ядролық физика бойынша ғалымның бейнетаспасын көрсетті. Бұл - Шахрам Амири төңірегіндегі жанжалға байланысты соңғы апталарда көрсетіліп отырған үшінші бейнежазба. Теһранның мәліметінше, Иранның атом энергиясы ұйымында жұмыс істеген ғалым Амириді АҚШ Орталық барлау басқармасы ұрлаған.

Шахрам Амири осыдан бір жыл бұрын Сауд Арабиясына қажылық сапары барысында із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Маусым айының басында Иран телеарнасы Амиридің алғашқы бейнетаспасын көрсетіп, ұрланған ғалымды АҚШ-та қинап азаптаған деп хабарлады. Интернет арқылы жарияланған екінші бейнежазбада өзін Амири деп таныстырған кісі АҚШ-та білім алып жатқанын мәлімдеді. Ал сейсенбі күні көрсетілген бейнетаспада өзін Амири деп таныстырған адам АҚШ агенттерінен қашып кетіп, қазір жасырынып жүргенін айтқан.
XS
SM
MD
LG