Accessibility links

НАТО базасына шабуылдаған бүлікшілердің көзі жойылды


НАТО мен ауған ресми өкілдерінің айтуынша, Ауғанстан шығысындағы НАТО күштерінің базасына шабуылдаған "Талибан" бүлікшілері өлтірілді. Жергілікті әкімшілік баспасөз хатшысының хабарлауынша, сәрсенбі күні базаға кіре берісте кемінде бір жанкешті өз көлігін жарып жіберген еді.

Ауғанстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы шабуыл барысында 8 бүлікшінің көзі жойылып, НАТО-ның бір сарбазы мен ауған жауынгері жарақат алды деп мәлімдеді.

Сейсенбі күні Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қолбасшысы етіп тағайындалған генерал Дэвид Петреус алдағы айларда бұл елде зорлық-зомбылық әрекеттері көбеюі мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG